Құлсарыда оқушы мектеп ішінде балта ұстап жүгірген (ВИДЕО)

6 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Қазақстанның Атырау облысындағы Құлсары қаласында Пушкин атындағы №6 мектепте оқыс оқиға тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 10-сыныпта оқитын 15 жастағы оқушы оқу орнының ішінде қатарластарына балтамен шабуыл жасаған. Нәтижесінде бірнеше оқушы жарақат алған.

Полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға туралы шақырту күндіз 102 нөміріне түскен. Әлеуметтік желілерде тараған видеода қолында балтасы бар жасөспірімнің мектеп дәлізінде жүгіріп, оқушыларға соққы жасауға ұмтылған сәті байқалады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
 

Тэгтер:

оқушы балта Құлсары