Спорт қауымдастығының өкілдері Астанада бас қосқан жиында жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шараға ұлттық спорт федерацияларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты.
Жиынның мақсаты - жаңа Конституция жобасын және елде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаны қолдауда спорт қауымдастығының бірыңғай әрі келісілген ұстанымын білдіру боболды.
Спорт саласының өкілдері жаңа Конституция спортшылар арасында әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыратын құжат болатынын атап өтті.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес, қатысушылар елдің Ата заңын жаңартуды қолдайтын біртұтас әрі дәйекті ұстанымдарын білдіріп, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, демократиялық институттарды нығайту, «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» қағидаттары мен конституциялық өзгерістер бойынша өз ойларын ортаға салды.
Спорт федерацияларының жетекшілері уақыт өзгерген сайын спорт ережелері де жаңаратындығын атап өтіп, сол сияқты заман талабына сәйкес Конституция да заман талабына сай жетілдіру, еліміздің әділетті, мықты және бәсекеге қабілетті болашағына бағытталған маңызды қадам деп санайды.
Бас қосу барысында ҚР спорт қауымдастығының Конституциялық реформаны қолдауға арналған Үндеуі оқылып, оған қол қойылды.
Сондай-ақ, Үндеуде ұлт денсаулығын нығайту және адами капиталды дамыту мәселелеріне басымдық беріліп, маңыздылығы ерекше тоқталған.
Яғни, еліміздің спорт қауымдастығы Конституция жобасында көзделген адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, ұлттық бірлікті нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің зайырлы сипатын сақтау қағидатына бағытталған ережелерді толық қолдайтынын жеткізуде.
Жиын қорытындысы бойынша спорт саласының өкілдері елдің тұрақты әрі әділетті дамуына бағытталған жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға өз үлестерін қосуға дайын екендерін білдірді.