Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Бүгін, 17:41 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада салмағы 6 015 грамм ал бойы 63 см болатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша ана кесар тілігі арқылы босанған.

Облыс әкімідігінің мәліметінше, Ота сәтті аяқталып, бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде дәрігерлердің бақылауына алынған.