Президент Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Бүгін, 15:33 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.