Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды – БАҚ

Бүгін, 15:11 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Telegram-арнаның мәліметіне сәйкес, бүгін түнде 34 жастағы комик Fly Dubai компаниясының рейсімен Внуково әуежайына ұшып келгенде ұсталды. Ол БАӘ-ге автомобиль компаниясының жарнамасын түсіру үшін ұшып барған. Паспорттық бақылаудан өткен кезде Сабуровты жеке бөлмеге алып барып, оған Ресейге кіруге тыйым салу туралы құжат берілген.

Айта кетейік, бұған дейін комиктің Ресейдің  Екатеринбург, Омск, Нижний Тагил, Курган, Рязань және Обнинск қалаларында жоспарланған концерттері тоқтатылған еді. 

Ал 2025 жылғы мамыр айында Нұрлан Сабуров Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған. Ол Мәскеу маңында қымбат коттедж және жер учаскесіне ие. Элиталық үйі 115 млн рубльге бағаланған.