Келінін зорлаған Ақтөбе тұрғыны 8 жылға сотталды

Бүгін, 10:12 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ақтөбеде келінін зорлады деп айыпталған Ақтөбе тұрғыны сотталды. Ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға ер адамның ұлы үйде жоқ кезде болған. Зардап шеккен келіншек – 22 жаста. Айыпталушы мас күйде болғаны анықталған. Жәбірленуші  құқық қорғау органдарына арызданған.

Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, жиналған дәлелдер оның қылмысқа қатысын растады. Алға аудандық сотының үкімімен ер адам 8 жылға сотталды.  Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

«Сот үкімімен сотталушы ҚК 120-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - дейді облыстың соттың баспасөз хатшысы Жансая Тайырова.