Алматыда тауда ауыр жарақат алған әйел құтқарылды

Бүгін, 07:22 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Алматыда тауда ауыр жарақат алған 35 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне 35 жастағы әйелдің Медеу ауданындағы 2 мың метрден астам биіктіктегі тауда аяғынан ауыр жарақат алып, өздігінен түсе алмай жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына ТЖМ №23 Әмбебап құтқару бөлімшесі мен Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі жетті. Құтқарушылар зардап шегушімен байланыс орнатып, оның геолокациясын анықтағаннан кейін медициналық пунктке жеткізді.

Әйел реанимобильге орналастырылып, медициналық мекемеге тасымалдау кезінде қажетті көмек көрсетілді.