Ақмола облысында жол жабылды

Бүгін, 07:03 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Ақмола облысында жол жабылғанын хабарлады.

«2026 жылғы 6 ақпан сағат 05:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады», деп хабарлады Ұлттық компания.

Жолды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.