Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды

Бүгін, 23:51 / Өтей Торғайұлы

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Рината 20 шақырымдық жеке жарыста үздік нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды. Екінші орынды Гонконгтан И Уин Леунг, үшінші орынды қытайлық Хао Чжан алды", - деп жазды Prosports.kz порталы.

Айта кетелік, Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады және Рината Қазақстан қоржынына тағы да алқа салу мүмкіндігіне ие. 

Тэгтер:

велошабандоз Рината Сұлтанова