Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 20 шақырымдық жекелей сайыста топ жарды.
Екінші орынды Гонконг өкілі И Уин Леунг иеленсе, қола жүлде Қытай спортшысы Хао Чжанға бұйырды.
Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады.