1995 жылы қабылданған қолданыстағы Конституция мен жаңа Ата Заң арасындағы мазмұндық, ұстанмыдық, мағыналық, жаңашылдық, тілдік, редакциялық тұрғыдан айырмашылық біршама. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жаңа Конституциядағы жаңа мәтінді жас та, үлкен де бірдей қабылдай алады. Бұл қоғам назарына талқылауға ұсынылған Конституцияның жаңа мәтінінің үлкен бір жаңашылдығы және артықшылығы деп сенімді түрде айта аламыз.
Оны бірқатар азамат әлеуметтік желіде қолдап, айтып жатыр.
Ал бұл жұмыс кейбір адамдар ойлап жүргендей бір-екі аптада емес, жарты жылға жуық уақыт бойы жүргізіліп жатыр. Сол сияқты мәтінмен жұмыс – 1-2 аптада емес, бірнеше айға созылған жұмыстың нәтижесі», - дедә Е.Қарин.