Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова жаңа Конституция жобасы бұдан әрі де жұртшылықтың қатысуымен, ашық түрде талқыланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазір комиссия хатшылығына е-Өтініш платформасынан 4 мыңнан астам ұсыныс келгені белгілі болды. Қоғам тарапынан көптеген оң пікір түсіп жатыр. Сонымен бірге Конституция жобасының жекелеген баптарының редакциясын жетілдіруге бағытталған нақты әрі мазмұнды ұсыныстар да келіп жатыр. Өткен отырыста басталған пікір алмасуды әріқарай жалғастырамыз
Конституция жобасының бүкілхалықтық талқылау процессіне азаматтар белсенді әрі саналы түрде қатысып жатқаны айқын көрсетеді.
Қоғаммен жүргізіліп отырған бұл ашық диалог жалғасады. Комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының ережелерін алдағы уақытта да нақты, мазмұнды және кәсіби деңгейде түсіндіруді жалғастырады, — деді Эльвира Әзімова.