Ресейде суррогат ана табу қиын емес

Ресейде суррогат ана болуға тыйым салынуы мүмкін. Ресейлік депутаттар жасанды ұрықтандыру кезінде генетикалық ата-ана мен суррогат әйелдің репродуктивті технологиялар қолдануына қатысты заң жобасын талқылап жатыр.

Саясаткерлердің пікірінше, Ресей суррогат аналардың астанасына айналып барады. Медицинаның бұл саласы жекешеленіп кеткен. Бұған заң арқылы тыйым салмаса, қара нарыққа айналып кетуі ғажап емес. Бұл елде осындай технология 2013 жылдан бастап заңдастырылған. Бұл қызмет түріне әлемнің көптеген елінде тыйым салынды.

Мысалы, Франция, Швеция, Австрия, Германия, Норвегия, сондай-ақ АҚШ-тың кейбір штатында суррогат аналыққа мүлдем рұқсат жоқ. Ресей денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұнда осындай әйелдің көмегімен жылына алты жүзден астам бала дүниеге келеді екен. Алайда бұл заңды түрде тіркелгені ғана.

Владислав Мельников, суррогат ана орталығының директоры:

– Менің білуімше, жылына үш жарым мыңға жуық бала суррогат ана көмегімен дүниеге келеді.

Людмила Айвар, «Ресейлік әйелдер құқығын қорғау» қозғалысының төрағасы:

– Егер біз суррогат аналыққа тыйым салсақ, көптеген бала сүйгісі келетін жұптарды бақытынан айырамыз. Біздің қоғам – дамыған әрі осындай медицинасы мықты қарыштаған елміз. Сондықтан адамға бала сүюге мүмкіндік беруіміз қажет сияқты.

Back to top button