Конституцияның әрбір нормасы анық және түсінікті болуы қажет – Жандос Өмірәлиев

Бүгін, 16:15 / Дана Ізтілеуова

Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Астанада өтіп жатқан Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституиця жобасының әр нормасы анық әрі түсінікті болуы қажет екенін баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Комиссия қарауына Конституцияның 18-бабына қатысты бірқатар ұсыныстар келіп жатыр. Заңгерлердің мен мандардың пікірінше, заң техникасы тұрғысында сұрақтар бар.

Атап айтсақ, осы баптың 2-тармағында сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімінен артық ұстауға болмайды деп көрсетілген. Бұл – дұрыс жазылған мәтін. Дегенмен орыс тіліндегі аудармасында онда мерзімінен артық ұстау деген шешуші ұғым көрсетілмей қалған.

Сол себепті кейбір мамандар сот шешімінсіз күдіктіні ұстау мүлдем болмайды деп түсіну қауіпі бар екенін айтып жатыр. Яғни, қалыптасқан сот-тергеу тәжрибесі қиындыққа тірелуі мүмкін деген пікірлер бар.

Мәтін мазмұнына қарасақ, расыменде дәл солай. Кісі өлтіру, басқа да қоғамға қауіпті қылмыстар – кідірісті күттірмейтіні айдын анық. Қылмысты тоқтату осы мақсатта күдіктіні ұстау, оны дереу оқшаулау – құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеттерінің бірі. Тек осыдан кейін ғана оны күзетпен ұстау туралы шешімді сот қабылдайды. Бұл – дүниежүзілік практика.

Конституция – еліміздің басты құқықтық темірқазығы. Оның әрбір нормасы анық және түсінікті болуы қажет және керсінше екіұшты болмау керек.  Сондықтан да талқылаудағы осы норманы заң техникасы тұрғысынан қайта қарап, нақтылауды ұсынамын», – дейді ол сөз сөзінде.