Мұз астына түсіп кеткен баланы құтқарған Тараз тұрғыны марапатталды

Бүгін, 11:38 / Інжу Әлихан
Жамбыл облысы ТЖД

Таразда мұз астына түсіп кеткен 5 жастағы баланы құтқарып қалған тұрғынға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жексенбі күні Тараз қаласының тұрғыны Сәкен Сағындықов қаладағы шағынаудандардың біріндегі су арнасының маңынан өтіп бара жатып, төтенше жағдайдың куәсі болған.

Белгілі болғандай бес жастағы бала тайып құлап, мұз астына түсіп кеткен.

Батылдық пен табандылық танытқан азамат баланы жедел түрде судан шығарып, ата-анасы келгенше жақын маңдағы фитнес-орталыққа жеткізген.

Көрсеткен ерлігі мен баланың өмірін сақтап қалғаны үшін Сәкен Сағындықов Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хатымен марапатталған және Тараз қаласы әкімдігінен бағалы сыйлық табысталған.