Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:14 / Нұрлан Әлинұр
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

2026 жылғы 5 ақпанда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.