«Соңғы күнім»: Руслан Өтепбай Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты мәлімдеме жасады

4 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Тележурналист Руслан Өтепбай Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты зерттеу жүргізгенін мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Бүгін Атыраудағы соңғы күнім. Қала тамаша екен. Тұрғындары тіпті бөлек. Қызыл балықтан бешбармақ жеп, Жайықтың үстінде жаяу жүріп қайттым. Атырауға келу себебім - Жангелдин ауылына барып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ол туралы келесі апта баяндаймын. Ал ертең Шымкентке барып, қаскөйдің қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасынан сұхбат аламын. Сапарымыз сәтті болғай", - деп жазды ол әлеуметтік жеілдегі парақшасында.

Еске салайық, биылғы 2 қаңтарда Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы екі айдан бері табылмай жатқаны туралы жазған едік.

Тэгтер:

Атырау Руслан Өтепбай