"Қазақша ат табылмады ма?": Ұлын Роналдо деп қойған маңғыстаулық көпшілік сынына жауап берді

Бүгін, 21:36 / Өтей Торғайұлы

Ұлының есімін әйгілі футболшының құрметіне Роналдо деп қойған маңғыстаулық блогер көпшіліктің сынына жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Біреу батырдың атын қояды, біреу атасының атын, ал біз ұлымыз әлемдік деңгейде жүрсін, шекарасы тар болмасын деп есімін Роналдо деп қойдық. «Қазақша ат табылмады ма?» дейтіндерге айтарым: Қазақтың рухы — атында емес, тәрбиесінде. Ал мен ұлымды нағыз қазақ қылып өсіремін, уайымдамаңыздар Ең бастысы — бұл атты оған анасы мен әкесі сүйіп қойды. Қалғаны — жай фон", - деп жазды Мерей Оразбеков.

Мерей Оразбеков жаңа туған сәбиінің тегін Роналдо Мерейұлы деп жаздырғанын желіге жүктеп, көпшіліктің сүйінші сұрғаған-тын.

Тэгтер:

нәресте Роналдо