Түркіменстан президентінің 3 кітабы қазақ тіліне аударылды

Түркіменстан президентінің 3 кітабы қазақ тіліне аударылды

Түркіменстан президентінің 3 кітабы қазақ тіліне аударылды
ашық дереккөзі
Түрікменстан Президентінің 3 бірдей кітабы қазақ тіліне аударылды. Тұсаукесер рәсіміне елімізге мемлекеттік сапармен келген Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі қатысты. Алғысын жеткізді. Түрікменстан басшысының «Ақалтеке тұлпары – мақтанышымыз бен абыройымыз», «Көк тұлпарларының самғауы» және «Тұлпардың шапшаң шабысы» атты еңбектері ана тілімізде жарық көрді деп хабарлайды 24.kz. Бұған Ұлттық Олимпиадалық комитет бастамашылық еткен. Шығармаларда ақалтеке тұлпарларының санын көбейту, оны әлемге насихаттау, түрікмен жылқысы туралы ғылыми және тарихи деректер көрініс тапқан. Осындай ұлттық құндылықтар жөнінде ақпаратқа толы еңбектің әрқайсысы мың данамен басылып шығарылды. Енді еліміздегі кітапханалар мен оқу орындарына тегін таратылады. Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті: - Бауырлас қазақ еліне жасаған мемлекеттік сапарымыз кезінде кітаптың тұсаукесері өтіп жатқаны біз үшін өте үлкен қуаныш. Аса қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлымен кешегі келіссөздер кезінде тарихи мұраларымыз жөнінде көп әңгімелестік. Бүгін міне теңдесі жоқ Ұлттық мұражай ғимаратын аралап көрдік. Байқағаным, түрікмен мен қазақ елінің салт-дәстүрлері бір-біріне ұқсас келеді. Біз ата-бабамыздан қалған осындай мол мәдени мұрамызды келер ұрпаққа табыстауымыз керек. Бақытжан Ордабаев, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің кеңесшісі: - Осы жобамыз іске асырылған екі халықтың, екі мемлекеттің арасындағы достастықты одан ары нығайтады. Бұған еш күмән жоқ. Түрікменнің ақалтеке тұқымды атпен біздің қазақ тіліндегі оқырмандар танысып білсе, қандай керемет. Сондықтан мен бұл жоба екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғарлатуға өз әсерін тигізеді деп ойлаймын.