Пәкістанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 13:53 / Інжу Әлихан
Ақорда

Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.