Астаналық қаламгерлер Конституция жобасын талқыға салды

Бүгін, 11:48 / Дана Ізтілеуова
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Күлкеновтің төрағалығымен Конституцияның жаңа нұсқасына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараға белгілі қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттарын, ел дамуының болашағын, шығармашылық еркіндік пен сөз бостандығы мәселелерін, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті талқылады.

Сондай-ақ елдің басты құқықтық құжатының мазмұнына қатысты бірқатар ұсыныстар мен тұжырымдар айтылды.