Қырғыз парламенті журналистердің табысын жариялауды міндеттемек

Қырғыз парламенті журналистердің табысын жариялауды міндеттемек

Қырғыз парламенті журналистердің табысын жариялауды міндеттемек
ашық дереккөзі
Қырғызстандық  депутат Ақылбек Жапаров журналистердің кірісін жариялауды міндеттеу керек деген мәселе көтерді. Ол бұл ұсынысын Жогорку Кеңеште қаралып жатқан "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын үшінші оқылымда талқылап жатқан кезде айтты, деп жазады centralasian.org Депутаттың пікірінше, мың данадан кем тиражбен газет шығаратын редакторлар қымбат көлікпен жүреді, зәулім үйлерде тұрады. "БАҚ арқылы бизнес жасап жүргендер өздерінің кірістері мен шығыстарын да ашық жариялау керек. Әрбір журналист және БАҚ иесі әрбір тыйындарына дейін халық алдында есеп беруі тиіс. Егер оларға тоқтау болмаса, небір өсектер жазып, халықты көтере береді және өзгелерді мысқылдауын қоймайды", - дейді депутат Жапаров. Ақылбек Жапаров сонымен бірге шенеуніктерден ақша алатын журналистерді сынға алды. Ол журналистердің жауапкершілігін күшейту үшін, Қырғызстанның қылмыстық және Әкімшілік кодексіне өзгерістер енгізу керек дейді. Журналистердің этикалық кодексі 2007 жылы қабылданған, 2009 жылы өзгерістер енгізілген. Ол 23 баптан тұрады. Кодекске сәйкес, журналист ақша алып, тапсырыспен мақала жазуға құқығы жоқ. Тек жарнамалық материалға ғана ақша төленеді.