Талдықорғанда әкесі аяусыз ұрған баланың жағдайы белгілі болды

Бүгін, 20:08 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзден

Талдықорғанда үш жастағы бала әкесінің соққысынан кейін ауыр жағдайда ауруханаға түскен еді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі таңда әкесі аяусыз ұрған баланың жағдайы белгілі болды.

Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қазір баланың жағдайы орташа дәрежеде.

Бала облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінде жатыр. Ем шаралары және динамикалық бақылау жүргізіледі. Барлық көмек қарастырылған.

Айта кетейік, бұл сәбидің аты Ақжар. Бұған дейін аса ауыр дертке шалдығып, халықтың көмегімен ота жасалынған екен. 

Әлеуметтік желілерде денесінде көптеген көгерген іздері бар сәбидің қорқынышты видеолары тарады. Анасының айтуынша, балаға қатыгездік көрсеткен — оның әкесі. Полицияның хабарлауынша, алкогольдік мас күйде болған ер адам ұсталды.

Тэгтер:

Талдықорған әкесі