Жаңа Преамбулада мемлекеттің шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны анық жазылған. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның жетінші отырысында баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жарты жылға жуық уақыт ішінде азаматтар мен сарапшылардың, түрлі ұйымдардың ұсыныстары мен бастамалары негізінде әзірленген Контитуциялық комиссияның ашық әрі тиімді жұмысының нәтижесінде жазылған жаңа Конституцяиынң мәтіні өткен аптада жарияланды.
Ел тұрғындары 1995 жылы қабылданған Ата Заңмен салыстырғанда жаңа Конституцияның артықшылықтары көп екені айтуда. Олар жаңа Конституцияда «Адам құқытары мен бостандықтарына» басымдық берілгенін, білім мен ғылымның, мәдениет пен инновацияның орталық идея ретінде айқындалғанын, егемендік, тәуелсіздік құндылықтары айқын көрсетілгені, жалпы құжатта көп мәселе қамтылғанын алға тартуда. Сонымен қатар, басқа да ұсыныстар мен ескертулер келуде. Ашық талқылау болғаннан кейін бұлай болуы орынды. Жаңа мәтінді сол үшін жұртшылықтың назарына ұсынып отырмыз», – деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік кеңесші Конституциялық комиссияның бір артықшылығы ретінде мұның бірінші күннен бастап ашық форматта өтіп жатқанын, барлық отырыс тікелей эфирде көрсетіліп жүргенін атап өтті.
«Ең бастысы осындай аса маңызды елдік мәселелерді эмоциямен емес, ақылмен талдап, саралап отырғанымыз абзал.
Мен қоғамда талқыланып жатқан бірқатар тақырыптарға қатысты өз ойымды білдірігім келеді.
Біріншіден, еліміздің аумақтық тұтастығына ешқашан қол сұғылмайды және ол ешқашан өзгермейді. Кейбір азаматтардың Ата Заңда елдің әкімшілік аумақтық тұтастығы өзгереді деп пікір білдіруі – шын мәнінде жалған ақпарат. Таза манипуляция. Керісінше жаңа Конституцияда мұндай әрекеттерге қазір де, болашақтада да тосқауыл қойған. Атап айтқанда жаңа Преамбулада мемлекеттің шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны анық жазылған. Сол секілді 2-баптың 6-тармағында Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы өзгермейді деп нақты көрсетілген. Бұл — Қазақстанның аумақтық тұтастығы мәселе ретінде талқыланбайды деген сөз. Тіпті, референдумға да болашақта мұндай мәселелер шығарылмайды дегенді білдіреді. Мұны бүкіл ел азаматтары білуі керек», – деді Мемлекеттік кеңесші.