Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық комиссияның жетінші отырысында азамататтардан келіп жатқан ұсыныстардың маңызы туралы сөз етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Жаңа Конституция жобасын талқылау барысында Ата заңға деген көзқарас өзгеріп келе жатқаны байқалады. Азамататрдың едәуір бөлігі Конституцияны тек мемлекеттік билік органдарының өкілеттіліктерін айқындайтын құқықтық құжат ретінде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің дамуына бағыт бағдар беретін құндылықтар мен қағдитарды бекітетін тұғырдлы мәтін ретінде қабылдай бастады.
Азаматтардың ұсыныстарында конституциялық нормалар нақты қолданблы сипатқа ие болып, күнделікті өмірге әлеуметтік әділеттілікке және мемлекеттік шешімдердің сапасына тікелей ықпал етуге тиіс деген үміт айқын көрініс тапқан.
Ұсыныстардың екінші топтамасында заң үстемдігі ме әділеттілік принциптерін нығайту маңызды айқындалған. Сонымен бірге баршаның заң алдындағы теңдігі және институттарға деген сенім негізінде Заң мен тәртіп қағидатының бірізді жүзеге асуына ерекше мән беріледі. Азаматтардың едәуір бөлігі үшін Ата заңда адам құқықтары мен бостандығы қалай бекітіледі, азаматтарды заң алдында қорғаудың түсінікті әрі біркелкі ережелерін қалай қалыптастыратыны маңызды болып отыр. Осы тұрғыда Конституция жеке адамның еркіндігі мен ұлттық мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады", - дейді ол.