Жаңа Конституцияның жобасына қатысты 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті – Жандос Шаймарданов

Бүгін, 16:14 / Інжу Әлихан

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық комиссияның жетінші отырысында Жаңа Конституцияның жобасына қатысты қазақстандықтардан 4 мыңнан астам ұсыныс келгенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Бұл ауқымды реформа 2025 жылдың қазан айында басталғанын атап өткен жөн. Сол уақыттан бері азаматтармен тікелей кері байланыс принципімен жүзеге асып жатыр. Эльвира Әбілқасымқызы Конституциялық комиссияның жұмысы басталғанннан бері азаматтардан, құқық салаындағы ғалымдардан, сарапшыцлардан, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан 2 мыңнан астам бастамашылқ пен ұсыныс келіп түскенін атап өткен еді.

Өткен отырыста жаңа Конституция жобасын жариялауды ұсынды. Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап, қоғамдық талқылау айтарлықтай жандана түсті. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары eOtinish платформасына әлі де келіп түсуде. Қазір олардың жалпы саны 4 мыңнан асты. Ұсыныстар тек азаматтардан емес сарапшылардан келіп жатыр. 

Азаматтардың көтеріп отырған мәселелері мен бастамаларын үш негізгі бағытқа бөліп қарастыруға болады. Жалып қазақстандықтар жүргізіліп жатқан реформаны конструктивті әрі оң тұрғыда қабылдап отырғанны көрсетеді", - деді ол.