Шавкат Рахмонов UFC рейтингінен шығып қалды

Бүгін, 14:44 / Дана Ізтілеуова
Фото: Instagram/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Шавкат Рахмонов UFC рейтингінен алынып тасталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sports.kz мәліметінше, ол бұған дейін аталған рейтингте 2-орында тұрған. Алайда лиганың жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшының аты-жөні жоқ болып шықты. Бұған оның тізесін абайсызда жарақаттап, 9-10 айға жарысқа қатыса алмауы себеп болуы мүмкін.

Рейтинг басында аустралиялық Джек Делла Маддалена тұр, екінші орынға Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы, ирландиялық Иэн Гэрри көтерілді. Үшінші орында – Эвкадор өкілі Майкл Моралес. Топ-15-ке ағылшын Майкл Пейдж кірген. Чемпион белбеуі ресейлік Ислам Махачевтің еншісінде.

UFC-дің жаңартылған рейтингі:

1 (1). Джек Делла Маддалена

2 (3). Иэн Мачадо Гэрри

3 (4). Майкл Моралес

4 (5). Белал Мухаммад

5 (6). Карлос Пратес

6 (7). Шон Брэди

7 (8). Камару Усман

8 (9). Леон Эдвардс

9 (10). Хоакин Бакли

10 (12). Гилберт Бёрнс

11 (11). Габриэль Бонфим

12 (13). Джефф Нил

13 (14). Колби Ковингтон

14 (15). Дэниэл Родригес

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов UFC рейтингі