Қарағанды облысында пайдалы қазбалар заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылған

Бүгін, 14:30 / Інжу Әлихан
Бас прокуратура

Қарағанды облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілері анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.

Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.