2023 жылы жоғалып кеткен ер адам Алматы облысында өлі табылды

Бүгін, 11:31 / Інжу Әлихан

Алматы облысында екі жарым жыл бұрын жоғалып кеткен 28 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында Lider.kz еріктілері мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хабидулла Жалғас Хабидуллаұлы 2023 жылғы 4 маусымда жоғалып кеткен. Таңғы сағат 9 шамасында ол Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Үшқоңыр көшесі, 22А мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Белгілері: орта бойлы, қоңыр көзді, қара түсті қысқа шашты.

Киімі: джинсы пиджак, сұр түсті футболка, көк джинсы шалбар, қою көк кроссовка.

Еріктілердің мәліметінше, жас жігіттің мәйіті 2025 жылғы 23 желтоқсанда табылған. Оқиғаның өзге мән-жайы нақтыланбайды.