Аңду мен қыз алып қашу – қылмыс: Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 11:32 / Дана Ізтілеуова
Облыс әкімдігі

Түркістан облысында сталкинг пен қыз алып қашудың заңға қайшы әрекет екені туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Айгерім Жарқынбек брифингте мәлімдеді.

“Қазіргі қоғамда адам құқықтары мен жеке бостандықтарына қол сұғатын әрекеттердің бірі – сталкинг пен қыз алып қашу. Бұл соңғы жылдары қоғамда кеңінен талқыланып, алаңдаушылық тудырып отырған мәселелердің бірі. Облыс көлемінде алып қашудың құрбаны болғаны қыздарға қолдау көрсету және аталған жағдайлардың алдын алу мақсатында кең көлемді жұмыстар атқарылуда. Егер де адамның еркінен тыс онымен байланыс орнатуға және оны аңдуға бағытталған, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттер - 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынады. Заңнамаға сәйкес, қыз алып қашқандар – 2 жылға дейін бас бостандығын айрылуы немесе 2 000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынатын болады”, – деп баяндады спикер.

Тэгтер:

Түркістан облысы қыз алып қашу сталкинг