2 ақпанда Алматы қаласында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Т» қылмыстық ортаның өкілін ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көрсетілген адам аса ірі көлемде қорқытып алушылық жасады деп күдіктелуде.
Ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.
Осы іс аясында қаңтарда Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.