Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 07:21 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

2026 жылғы 3 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.