Қазақстанның Халық әртісі, аңыз адам Асанәлі Әшімовтің жары әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, марқұмды еске алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жазбасында өмірден өткен жарына деген сағынышы мен қайғысын поэтикалық жолдармен жеткізіп, Алладан марқұмның жаны жәннатта болуын тілеген. Оның айтуынша, қырық күн өтсе де, жүректегі жара әлі жазылмаған.
«Жан бөлек. Жан бөлек!!!
Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн.
Алладан сұрарым – пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.
Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз, жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен», деп жазды ол.