Жаңаөзенде қайғылы жағдай болды

Бүгін, 06:54 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Жаңаөзен қаласында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Марқұм 44 жаста. Ол медициналық мекемеде қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған.

"Жанжал алкогольді ішімдік себебінен болған. Бұл факті бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел іздестіру кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицияда.