Бұл туралы оның жұбайы Фариза Жуманова жазды. Ол гендер-пати жасауға күйеуінің қарсы болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алайда отағасын қыздары райынан қайтарған.
"Тақсыр ұрсып, "жасамаймыз ондай пәле" деп... Бәшон мен Симби зорға көндірді, "Апа, блогер - бәрі қызығып күтіп жүр" деп. Кетер күні бәрін ұйымдастырып берді, жандарым. Қазір видеосын саламын, сіздерден қолдау күтемін. Төртінші бөпеде гендер пати жасаған қызық екен", - деп жазды Фариза Жуманова.
Ал одан кейін жариялаған видеоға "+ 1 бөпе" деп жазды. Видеодан өмірге келетін сәбидің жынысы қыз екенін аңғаруға болады.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап жатыр.