Шымкентте кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасалды

Бүгін, 21:20 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзден

Шымкентте кәмелетке толмаған қызға қатысты заңсыз әрекет жасауға талпыну дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, оқиға 1 ақпанда болған. Полицияға жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызды күштеп ұстап, оған қатысты заңсыз әрекет жасауға әрекеттенгені туралы арыз түскен.

Хабарлама келіп түскеннен кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел барып, күдіктіні қысқа уақытта анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар күдіктінің ата-анасы да полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Полицияның хабарлауынша, кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекет жасауға талпыну фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жәбірленуші қызбен психологтың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Полиция өкілдері баланың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін айтты.

Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Тэгтер:

Шымкент Жасөспірім заңсыз