Ресейде маймыл шешегімен ауырған екі жағдай тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Екі науқас та Мәскеу облысындағы Домодедово ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Медициналық мекеменің бас дәрігері Андрей Осиповтың айтуынша, дүйсенбі күні түскен науқастың диагнозы зертханалық түрде расталған. Бұған дейін осы ауруханаға дәл осындай диагнозы бар тағы бір науқас жеткізілген.
«Роспотребнадзор органдары ықтимал байланыстарды және жұқтыру көздерін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр. Бүгін бізге маймыл шешегімен ауырған екінші науқас түсті: ол алғашқы науқаспен байланыста болған. Ол да бізде ем қабылдайды», — деді Осипов.