Леди Гага, Джастин Бибер: Grammy – 2026 жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: IMAGE Allen J. Schaben | Getty Images

АҚШ-та 2026 жылғы 1 ақпанда өткен Grammy Awards-тың 68-ші салтанатты рәсімі музыка әлеміндегі ең ірі оқиғалардың біріне айналды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сахнада Lady Gaga, Rosé, Tyler, The Creator, Justin Bieber, Sabrina Carpenter, Pharrell Williams сынды жұлдыздар өнер көрсетті. Ал Post Malone, Andrew Watt, Chad Smith, Duff McKagan және Slash бірігіп, аңызға айналған Ozzy Osbourne құрметіне арнайы кавер орындады.

Биылғы Grammy-дің басты триумфаторы – Kendrick Lamar. Ол бірден бес жүлде жеңіп алды. Соның ішінде SZA-мен бірге жазған “Luther” трегі «Жыл жазбасы» аталымында үздік деп танылды. Сонымен қатар рэпер «Үздік рэп-альбом» және «Үздік рэп-композиция» жүлделерін де иеленді.

Пуэрто-Рикодан шыққан Bad Bunny «Debí Tirar Más Fotos» альбомы үшін «Жыл альбомы» атағын жеңіп алды.

Билли Айлиш «Wildflower» әнімен «Жыл әні» номинациясында жеңіске жетті. Леди Гага да бірнеше марапатты қанжығасына байлады: «Mayhem» альбомы «Үздік поп-вокалды альбом» деп танылса, «Abracadabra» трегі би/поп жанрындағы үздік жазба атанды.

«Үздік жаңа әртіс» атағы Оливия Динге бұйырды. Ал Лола Янг «Messy» композициясы үшін «Үздік жеке поп-орындау» жүлдесін алды.

Рок пен альтернатив музыкада да айқын фавориттер болды. Turnstile тобы «Үздік метал орындау» және «Үздік рок-альбом» аталымдарында жеңіске жетсе, The Cure альтернатив жанрдағы үздік орындау мен үздік альбом марапаттарын иеленді.

Кантри жанрында Крис Стэплтон “Bad as I Used to Be (F1 фильмі үшін)” трегімен үздік жеке орындау деп танылды. Doechii “Anxiety” бейнебаяны үшін жүлде алса, Huntr/x тобының “Golden” композициясы визуалды жобаларға арналған «Үздік ән» аталымында жеңіске жетті.

Тэгтер:

жеңімпаз Grammy