Қаңтарда шекарадан 860 млн теңге шетел валютасы өткізілмек болған

Бүгін, 14:48 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі құзырлы органдармен бірлесіп Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау шаралары аясында 3 026 құқық бұзушыны ұстады. Олардың 2 594-і – шетел азаматтары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы кезеңде Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің жолы кесілді. Атап айтқанда:
– 25 дерек – қару-жарақ пен оқ-дәрі (2 мылтық, 66 суық қару, 3 жарық-дыбыс гранатасы, 78 оқ-дәрі);
– 580 дерек – 60 тоннадан астам жанар-жағармай материалдары;
– 376 дерек – жалпы құны 620 млн теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
– 81 дерек – 860 млн теңгеден астам шетел валютасы.

Сонымен қатар Каспий теңізі акваториясында браконьерлікке қатысты 5 факті анықталып, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді.

Аталған деректер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.