Наурыз айында екі бірдей мереке атап өтілетіндіктен, қазақстандықтарға бірнеше қосымша демалыс күні беріледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көктемнің алғашқы аптасына түсіп тұрған мереке – 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады.
Тиісінше, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 7 наурыздан 9 наурызға дейін, ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурызда демалады. 10 наурыз, сейсенбі – жұмыс күні.
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде Қазақстанда 21-23 наурыз аралығында тойланады. 21 және 22 наурыз сенбі және жексенбіге сәйкес келетіндіктен, мереке күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбіге) ауыстырылады.
Яғни, қазақстандықтар қатарынан бес күн – 21-25 наурыз аралығында демалады.