Президент мемлекеттік сапармен Пәкістанға барады

Бүгін, 09:06 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.