Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 07:35 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2026 жылғы 2 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай, Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.