«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін»: Қабатовтың тойдағы сөзі қызу талқыланып жатыр

Бүгін, 01:01 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың той үстінде түсірілген видеосы кеңінен таралып, қызу талқыланып жатыр.

Видеода өнер иесі жастарға тілек айту үшін ортаға шыққанымен, бір сәтке сөзден тосылып қалғаны байқалады. Осы сәтті әзілге айналдырған Тұрсынбек Қабатов көпшілікке:

«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін», – деп қалжыңдаған.

Аталған видео желі қолданушылары арасында әртүрлі пікір тудырып отыр.