Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль олжалады.
Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2026 жылдың алғашқы ресми бәсекесінде 72 келі салмақ дәрежесінде Жәмилә Бақбергенова жеңімпаз атанды.
Жәмилә қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар Лаура Алмағанбетова (55 кг) және Виктория Хусаинова (59 кг) тек соңғы белдесуде ғана есе жіберіп, күміс жүлдемен марапатталды.