Министрлік еліміздегі биік үйлерді қабылдау талаптарын қатаңдатты

Бүгін, 21:28 / Нұрлан Әлинұр
Gov.kz

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі биік көпқабатты үйлерді пайдалануға қабылдау тәртібін қатаңдатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

1 ақпаннан бастап биіктігі 28 метрден жоғары (шамамен 8–10 қабат) барлық көппәтерлі тұрғын үйлер қоныстандырылмас бұрын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндетті.

Бұл құжатты ТЖ жөніндегі аумақтық органдар салынған ғимаратқа өрт-техникалық тексеру жүргізілгеннен кейін береді.

Жаңа нормалар Президент 2025 жылдың жазында қол қойған "Азаматтық қорғау туралы" заңда бекітілген.

Қорытындыны онлайн түрде eGov порталы арқылы, "Е-лицензиялау" жүйесінде алуға болады.