Шығыс Қазақстан облысында бір жылда нәресте өлімі 38% көбейген.
Облыстағы медицина саласының көрсеткіштерін ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан мәлім етті.
Өңірде былтыр туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері 7,1%-ға, қан айналымы жүйесінің аурулары 3,8%-ға, қант диабеті 9,6%-ға төмендеді. Ал қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері 2,2%-ке артып отыр. Ең көп өсім Марқакөл (23,8%) және Ұлан аудандарында байқалып отыр, - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, нәресте өлімі 38%-ға көбейген. Күршім ауданында (53%) ең көп өсім тіркелді.
Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 1,1%-ке өскені байқалады. Жыл көлемінде ана өлімі жағдайлары тіркелген жоқ.