Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарияланған бейнематериалда жол талғамайтын көлік жүргізушісінің жол қозғалысы талаптарын өрескел бұзғаны көрінеді.
Аталған видео әлеуметтік желіде тараған. Тексеру нәтижесінде көлік құралының иесі анықталып, азамат А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, құқық бұзушы көлік құралын тоқтату және тоқтап тұру қағидаларын сақтамағаны, жол белгілері мен жол таңбалары талаптарын бұзғаны, сондай-ақ белгіленбеген жерден өткені үшін айыппұл арқалады.
Полиция өкілдері жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салып, жолдың әзіл-қалжыңға немесе жарнамалық түсірілімдерге арналмағанын атап өтті.