Талдықорғанда пропан тиелген вагондар рельстен шығып кетті

Бүгін, 12:22 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Кеше, 31 қаңтарда Талдықорғандағы Абылай хан көшесінің маңындағы темір жол участогында темір жол цистерналары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД.

Оқиға орнына тез арада жедел қызметтер жіберіліп, оперативті штаб құрылған.

"Қазіргі таңда жағдай толығымен бақылауда, газдың шығуы анықталған жоқ. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Ал бүгін ведомство қажетті апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде газды қауіпсіз шығару бойынша шаралар жасау үшін арнайы техника жұмылдырмақ.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Абылай хан көшесінің участогы уақытша жабық.

"Қала тұрғындарын тыныштық пен қауіпсіздік шараларын сақтауға және жедел қызметтердің нұсқауларын орындауға шақырамыз", - деді ТЖД өкілдері.