Демалыс орнында уағыз оқыған имам сотталды

Демалыс орнында уағыз оқыған имам сотталды

Демалыс орнында уағыз оқыған имам сотталды
ашық дереккөзі
Өзбекстанның Наманған облысы Чодак ауылындағы мешіттің имамы Ахмаджон Эшматов демалыс орнында уағыз оқығаны үшін сотқа тартылды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
44 жастағы имам Өзбекстанның кәсіподақ федерациясына қарайтын "Чаткал" демалыс орнында шариғат заңымен уағыз оқыған. Ресми рұқсатсыз діни уағыз айтумен айналысқан имам әкімшілік заңмен айыпталды. Сот шешімімен Ахмаджон Эшматовқа он айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлеуді міндеттеген. Жергілікті БАҚ-тың мәліметі бойынша, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі имамға "уағыз айту ісін жалғастыратын болсаң, қылмыстық жазаға тартыласың" деп ескерткен. Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы рұқсатынсыз өзбек имамдарына уағыз айтуға тыйым салынған.