Дәулет Кәрібек «Единая Россия» партиясының делегациясымен кездесті

Бүгін, 16:40 / Дана Ізтілеуова
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Единая Россия» партиясының Бас кеңесі хатшысы Владимир Якушев бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Дәулет Кәрібек ресейлік әріптестеріне «AMANAT» партиясы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, партия Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тірегі ретінде Президенттің реформалар бағытын жүзеге асырудың алдыңғы шебінде тұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясының қызметі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен қоғам сұранысына бағытталғаны айтылды. Басты назарында – еңбек адамы, жастар мен аға буын өкілдері, мұғалімдер мен дәрігерлер, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар. Сонымен қатар партия экологияны жақсарту, тұрғындардың цифрлық және қаржылық сауатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Осы орайда, жаңартылған келісім аясында «AMANAT» партиясы қызмет барысындағы және партиялық институттарды дамытудағы үздік тәжірибелерімен бөлісуге әзір.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаңартылған келісім партияаралық өзара іс-қимылдың тұрақты сипатын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестіктің жоғары деңгейін, тұрақты диалог пен өзара сенімге негізделген қатынастарды тағы бір мәрте растайтынын атап өтті.